03 наурыздан бастап Қазақстан қор NIKE, Inc. US6541061031 (NKE_KZ) жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады
28.02.22 09:06
/KASE, 28.02.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2022
жылдың 03 наурызынан бастап NIKE, Inc. (АҚШ) US6541061031 ("KASE
Global" секторы, NKE_KZ) жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша
тоқтатылады.
Сонымен бірге, 2022 жылдың 01 наурызынан бастап осы акциялардың
KASE-дегі сауда-саттықтары есеп айырысу күні 2022 жылдың 07 наурызына
және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін сауда режимдерінде тоқтатылады.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2-бабының 1-тармағының 1)
тармақшасына сәйкес KASE-ге 2022 жылғы 07 наурызында осы акциялар
бойынша дивидендтер төлеу үшін белгіленген тізілімді енгізу туралы
ақпараттың түсуіне байланысты тоқтатылады.
[2022-02-28]