17 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Johnson & Johnson US4781601046 (JNJ_KZ) жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады
15.02.22 18:12
/KASE, 15.02.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2022
жылдың 17 ақпанынан бастап Johnson & Johnson (США) US4781601046
("KASE Global" секторы, JNJ_KZ) жай акцияларының сауда-саттықтары
уақытша тоқтатылады.
Сонымен бірге, 2022 жылдың 16 ақпанынан бастап осы акциялардың KASE-
дегі сауда-саттықтары есеп айырысу күні 2022 жылдың 22 ақпанына және
одан кейінгі күндерге сәйкес келетін сауда режимдерінде тоқтатылады.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2-бабының 1-тармағының 1)
тармақшасына сәйкес KASE-ге 2021 жылғы 3 желтоқсанда осы акциялар
бойынша дивидендтер төлеу үшін белгіленген тізілімді енгізу туралы
ақпараттың түсуіне байланысты тоқтатылады.
[2022-02-15]