АНОНС: 22 ЖЕЛТОҚСАНДА KASE "ЖАУАПТЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАУ ҚАҒИДАТТАРЫ (PRI)" ОҚЫТУ ВЕБИНАРЫН ӨТКІЗЕДІ

21.12.21 15:36
/KASE, 21.12.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 22 желтоқсанында тұрақты даму саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен "Жауапты инвестициялау қағидаттары (PRI)" оқыту вебинарын өткізетіні туралы хабарлайды. Семинардың басталуы – Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 15:00-де. Іс-шара барысында сарапшылар жасыл және әлеуметтік облигацияларды шығару тәжірибесімен бөліседі, сондай-ақ PRI-ді ілгерілетудегі KASE рөлі туралы айтып береді. Семинар спикерлері: - Jonathan Grosvenor, Азия Даму Банкі (АДБ) Қазынашылық департаментінің клиенттік шешімдер басқармасы қазынашысының көмекшісі; - Tomás Carruthers, Bourse Scot Limited (Project Heather) директоры және негізін қалаушысы; - Виктор Литвинов, Эмитенттер мен KASE мүшелерінің мониторингі департаментінің директоры. Қатысушыларға KASE Басқармасы Төрағасының орынбасары Ермек Мәжекенов құттықтау сөз сөйлейді. Қатысу үшін сілтеме бойынша қысқа тіркеуден өту қажет https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSd--C5igvyLampmRn2hP8o2qX5bv3vJbPJLkh-pVOM2wuyBbw/viewform?usp=pp_url KASE жұмыс істеп тұрған және әлеуетті эмитенттер мен инвесторлар үшін тұрақты негізде оқыту іс-шараларын өткізіп тұратынын еске саламыз. [2021-12-21]