/KASE, 20.12.21, 15.12.21 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) 2021 жылдың 20 желтоқсанынан бастап Macy's (АҚШ)
US55616P1049 ("KASE Global" секторы, M_KZ) жай акцияларының сауда-
саттығы қайта басталатынын хабарлайды.
Аталған акциялардың сауда-саттығы KASE-де 2021 жылдың
13 желтоқсанынан бастап осы акциялар бойынша дивидендтерді төлеу үшін
тізілімнің бекітілуіне байланысты уақытша тоқтатылды.
Бұған дейін осы тақырып бойынша 2021 жылдың 09 желтоқсанында "13
желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында Macy's US55616P1049
(M_KZ) жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылды"
тақырыбындағы KASE жаңалығы жарияланған болатын –
https://kase.kz/kz/news/show/1474503/
[2021-12-20]