10 желтоқсаннан бастап "KASE Global" секторына шетелдік эмитенттердің төрт акциясы енгізілді
10.12.21 10:14
/KASE, 10.12.21/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE немесе
Биржа) шешімімен 2021 жылдың 10 желтоқсанынан бастап шетелдік
эмитенттердің келесі акциялары KASE ресми тізімінің "KASE Global"
секторына енгізілді:
1) US55261F1049 M&T Bank Corporation (сауда-саттық коды – MTB_KZ)
жай акциялары;
2) US92343V1044 Verizon Communications Inc. (сауда-саттық коды –
VZ_KZ) жай акциялары;
3) US0255371017 American Electric Power Company, Inc. (сауда-саттық
коды – AEP_KZ) жай акциялары;
4) US46625H1005 JPMorgan Chase & Co. (сауда-саттық коды – JPM_KZ)
жай акциялары.
Аталмыш акциялардың сауда-саттығы ашылуы туралы қосымша
хабарланады.
[2021-12-10]