06 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында (NEM_KZ) Newmont Corp. US6516391066 жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады
06.12.21 09:10
/KASE, 06.12.21, 02.12.21 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) хабарлайды: 2021 жылдың 06 желтоқсанынан бастап Newmont
Corp. (АҚШ) US6516391066 ( "KASE Global" секторы, NEM_KZ) жай
акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады.
Сонымен бірге, 2021 жылдың 3 желтоқсанынан бастап осы акциялардың
KASE-дегі сауда-саттықтары есеп айырысу күні 2021 жылдың 9
желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін сауда
режимдерінде тоқтатылады.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2-бабының 1-тармағының 1)
тармақшасына сәйкес KASE-ге 2021 жылғы 3 желтоқсанда осы акциялар
бойынша дивидендтер төлеу үшін белгіленген тізілімді енгізу туралы
ақпараттың түсуіне байланысты тоқтатылады.
[2021-12-06]