/ҚАЙТАЛАУ/ 03 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында Bank of America Corporation US0605051046 (BAC_KZ) жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады
03.12.21 09:37
/KASE, 03.12.21, 25.11.21 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) хабарлайды: 2021 жылдың 03 желтоқсанынан бастап Bank of
America Corporation (АҚШ) US0605051046 ("KASE Global" секторы, BAC_KZ)
жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2-бабының 1-тармағының 1)
тармақшасына сәйкес KASE-ге 2021 жылғы 3 желтоқсанда осы акциялар
бойынша дивидендтер төлеу үшін белгіленген тізілімді енгізу туралы
ақпараттың түсуіне байланысты тоқтатылады.
[2021-12-03]