22 қарашадан бастап 12 шетел эмитенттерінің акциялары "KASE Global" секторына ауыстырылады және олардың сауда-саттық коды ауыстырылады
19.11.21 12:16
/KASE, 19.11.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2021
жылдың 22 қарашасындағы шешімімен KASE ресми тізімінің негізгі
алаңында орналасқан, шетел эмитенттерінің келесі акциялары KASE ресми
тізімінің "KASE Global" секторына ауыстырылатынын хабарлайды:
1) Bank of America Corporation US0605051046 (сауда-саттық коды
US_BAC_ - BAC_KZ өзгертілді) жай акциялары;
2) Apple Inc. US0378331005 (сауда-саттық коды US_AAPL - AAPL_KZ
өзгертілді) жай акциялары;
3) Facebook, Inc. US30303M1027 (сауда-саттық коды US_FB__ - FB_KZ
өзгертілді) жай акциялары;
4) Ford Motor Company US3453708600 (сауда-саттық коды US_FORD -
F_KZ өзгертілді) жай акциялары;
5) Intel Corporation US4581401001 (сауда-саттық коды US_INTC на
INTC_KZ өзгертілді) жай акциялары;
6) The Coca-Cola Company US1912161007 (сауда-саттық коды US_KO__ -
KO_KZ өзгертілді);
7) NIKE, Inc. US6541061031 (сауда-саттық коды US_NKE_ - NKE_KZ
өзгертілді ) жай акциялары;
8) Pfizer Inc. US7170811035 (сауда-саттық коды US_PFE_ - PFE_KZ
өзгертілді ) жай акциялары;
9) Starbucks Corporation US8552441094 (сауда-саттық коды US_SBUX -
SBUX_KZ өзгертілді) жай акциялары;
10) Tesla, Inc. US88160R1014 (сауда-саттық коды US_TSLA - TSLA_KZ
өзгертілді) жай акциялары;
11) Exxon Mobil Corporation US30231G1022 (сауда-саттық коды US_XOM_ -
XOM_KZ өзгертілді) жай акциялары;
12) Microsoft Corporation US5949181045 (сауда-саттық коды US_MSFT -
MSFT_KZ өзгертілді) жай акциялары.
Осы бағалы қағаздар бойынша сауда-саттық және есеп айырысу T+2
схемасы бойынша орталық контрагенттің қатысуымен АҚШ долларында
жүзеге асырылады, өйткені KASE Басқармасының шешімімен 2021 жылдың
22 қарашасынан бастап бұл акциялар Ішінара қамтамасыз ету шарттарында
орталық контрагентпен мәмілелер жасауға рұқсат етілген қор нарығының
қаржы құралдарының тізбесі, (Т+ тізімі). KASE сауда жүйесінде аталған
акциялардың баға белгілеуінің дәлдігі акция бағасының үтірден кейінгі екінші
таңбасына дейін белгіленеді.
Сонымен қатар, KASE Басқармасының шешімімен 2021 жылдың 22
қарашасынан бастап бұл акциялар ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер
бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде есепке алынатын қаржы
құралдарының Тізіміне енгізілді (Қамтамасыз ету тізімі T+).
"KASE Global" секторында бірінші кезеңінде сауда-саттық Нұр-Сұлтан
уақытымен сағат 11:20-ден 22:00 -ге дейін жүргізіледі.
[2021-11-19]