05 қарашадан бастап Маркет-мейкерлер қызметінің ережелеріне енгізілген өзгертулер қолданысқа енгізілді
08.11.21 14:15
/KASE, 08.05.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
2021 жылдың 04 қарашасындағы шешімімен "Маркет-мейкерлер
қызметінің ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына енгізілген
№ 10 өзгертулер (түзетулер) бекітілді, осы түзетулер 2021 жылдың
05 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұл түзетулер "KASE Global" секторында айналысқа жіберілген
шетелдік акциялардың маркет-мейкерлеріне міндетті баға белгілеулерін
жариялаудың және қолдаудың, сондай-ақ тұрақты және ауыспалы
бөліктерден тұратын сыйақы төлеудің екі схемасын қарастырады.
Ережелердің жаңартылған мәтіні жуырдағы уақытта KASE интернет-
сайтында жарияланады.
[2021-11-08]