/KASE, 28.06.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың
07 шілдесінен бастап деривативтер нарығында SPECTRA жаңа сауда-
клирингілік жүйесін іске қосатынын хабарлайды.
Жаңа сауда-клирингілік жүйеде мынадай туынды қаржы құралдарымен
сауда-саттық жүргізілетін болады:
- АҚШ долларының теңгеге бағамына жеткізілімсіз фьючерс;
- "Қазақстан Халық жинақ банкі " АҚ жай акцияларына жеткізілімсіз
фьючерс;
- "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК"АҚ жай акцияларына жеткізілімсіз фьючерс;
- KASE индексіне жеткізілімсіз фьючерс.
Болашақта KASE опциондар, опциондық сериялар, күнтізбелік спредтер
сияқты құралдармен туынды қаржы құралдарының желісін кеңейтуді
жоспарлап отыр.
SPECTRA сауда-саттық жүйесінде туынды қаржы құралдарымен сауданы
реттеу үшін, сондай-ақ осы нарықта клиринг, есеп айырысу және орталық
контрагенттің функцияларын орындау ережелерін белгілеу үшін
2021 жылдың 07 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі:
- Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелеріне № 7 өзгертулер мен
толықтырулар;
- Мүшелік жарналар, биржалық және клирингтік алымдар туралы қағидаға
№ 8 өзгертулер мен толықтырулар;
- Клирингілік қатысушылар туралы қағидаға № 9 өзгертулер мен
толықтырулар;
- Қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингілік қызметті
жүзеге асыру ережелеріне № 11 өзгертулер мен толықтырулар;
- Деривативтер нарығындағы сауда-саттықтар бойынша есеп айырысу
ережелерінің жаңа редакциясы;
- Шетел валютасының теңгеге бағамына фьючерстердің маманданымы;
- Қазақстандық эмитенттердің акцияларына фьючерстердің
маманданымы;
- KASE индексіне фьючерстің маманданымының жаңа редакциясы.
Осы күннен бастап өз күшінен айырылды деп саналады:
- Деривативтер нарығындағы сауда-саттықтар бойынша есеп
айырысуларды жүзеге асыру ережелерінің қолданыстағы редакциясы;
- KAZ Minerals PLC жай акцияларына фьючерстің маманданымы;
- "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ жай акцияларына фьючерстің
маманданымы;
- "Кселл" АҚ жай акцияларына фьючерстің маманданымы;
- "ҚазТрансОйл" АҚ жай акцияларына фьючерстің маманданымы;
- KASE индексіне фьючерстің маманданымының қолданыста редакциясы;
- АҚШ долларының теңгеге фьючерстерстің маманданымы.
Көрсетілген құжаттар KASE сайтының "KASE Ережелері" бөлімінде сілтеме
мына бойынша орналастырылатын болады
https://kase.kz/ru/kase_rules/
Осы уаоқиғаға арналған баспасөз мәлімдемесі KASE интернет-сайтының
"Баспасөз мәлімдемелері" бөлімінде жарияланады –
http://kase.kz/ru/press_releases/
[2021-06-28]