/KASE, 02.04.21/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ акционерлік қоғамы
(бұдан әрі – Биржа) атқарушы органның (Басқарма) орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Байзақов көш, 280, "Almaty
Towers" Көпфункциялы кешенінің Солтүстік мұнарасы, 8ші қабат, өз
акционерлеріне, Биржалық кеңестің шешімімен (бастамасы) шақыртылатын
(2020 жылдың 30 наурызындағы № 18 отырыс хаттамасы), биржа
акционерлерінің 2021 жылдың 31 мамырындағы кезектен тыс жалпы
жиналысы болып өтетіні туралы хабарлайды.
Жиналыс Биржа акционерлерінің сырттай дауыс беру арқылы өтеді.
Жиналыстың күн тәртібі:
"1.Биржа акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін
бекіту туралы.
2.Биржаның 2020 жылғы қызметі туралы.
3.Биржаның 2020 жылға қаржылық есептілігін бекіту туралы.
4.Биржаның 2020 жылға таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы.
5.Биржаның 2021 жылға жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу
мақсатында аудиторлық ұйымды анықтау туралы.
6. Акционерлердің Биржаның және олардың лауазымды тұлғалараның іс-
әрекетіне жүгінулері, сондай-ақ оларды қарастыру қорытындысы
туралы.
7. Биржаның Директорлар кеңесінің мүшелеріне және Биржа
Басқармасына сыйақы көлемі мен құрамы туралы ақпарат туралы.
8. Директорлар кеңесінің мүшелерін 2020 жылға сыйақы беру туралы.
9. Директорлар кеңесінің мүшелерінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін
анықтау туралы, Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы.".
Акционерлік қоғамдар туралы заңының 43 бабы 6 тармағына сәйкес
акционерлердің жалпы жиналысының шешімін қабылдау кезінде
акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі өзгеруі және (немесе)
толықтырылуы мүмкін емес.
Жиналысқа қатысуға құқылы Биржа акционерлердің тізімі 2020 жылдың 10
қарашасындағы жағдайы бойынша Биржа акцияларын ұстаушылардың
тізілім жүйесі мәліметтері негізінде құрастырылады.
Бюллетеньдерді ұсынуды бастау күні – 2021 жылдың 30 сәуірі.
Сырттай дауыс беру қорытындысын есептеу үшін бюллетеньдерді
ұсынудың аяқталу күні – 2021 жылдың 30 мамыры.
Сырттай дауыс беру қорытындысын есептеу күні – 2021 жылдың 30
мамыры.
Жиналыста дауыс беру қорытындысын шығару үшін Биржаның
акционерлерінен 2021 жылдың 30 мамырында сағат 18:00-ге дейін (Нұр-
Сұлтан қаласы уақытымен) алынған сырттай дауыс беруге арналған
бюллетеньдер ескерілетін болады.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі бойынша сұрақтары
бойынша материалдар мен дауыс беру бюллетендері акционерлер үшін
акционерлердің жалпы жиналысын өткізгенге дейін отыз күн бұрын, одан
кешіктірмей (сырттай дауыс беруді есептеу үшін бюллетендерді ұсыну
аяқталған күні), Биржа Басқармасының орналасқан мекен-жайында қол
жетімді болады, сондай-ақ Биржа акционерлерінің тізіміне енгізілген
тұлғаларға электронды түрде жіберіледі.
***
Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің бірі Биржаның
Директорлар кеңесінің бір мүшесін, тәуелсіз директорын сайлау болып
табылатындығына байланысты, акционерлерден 2020 жылдың 05
қарашасынан кешіктірмей, Биржаға Директорлар кеңесінің мүшесін, тәуелсіз
директорын сайлау үшін Биржа акционерлері ұсынған үміткерлерді дауыс
беру бюллетеніне қосу мақсатында үміткерлерін ұсынуды сұраймыз.
Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының 44
бабы 2 тармағына сәйкес, Биржалық кеңестің мүшесі лауазымына
ұсынылатын кандидатура туралы ақпаратқа кіреді:
1)тегі, аты, қалауы бойынша – әкесінің аты;
2)білімі туралы мәлімет;
3)биржаға үлестес тұлға екендігі туралы мәлімет;
4)соңғы үш жылдағы жұмыс орындары мен лауазымдары туралы
мәлімет;
5)кандидаттың біліктілігін, жұмыс тәжірибесін растайтын, өзге де
ақпараттар.
Директорлар кеңесінің мүшесіне үміткерлер – Биржаның тәуелсіз директоры
лауазымына акционерлер ұсынатын үміткерлер, Қазақстан
Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңының 54 бабында
белгіленген, жетекші қызметкерлерге сондай-ақ Қазақстан
Республикасының "Акционерлік қоғам туралы" Заңының 1 бабы 20)
тармақшасының талаптарына сай болуы тиіс.
Директорлар кеңесінің мүшесіне, тәуелсіз директоры лауазымына үміткер
туралы ақпарат көрсетілген хаты мына мекен-жайға, көрсетілген мерзімнен
кешіктірмей жіберуі қажет: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ,
Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" көп салалы кешенінің Солтүстік
ғимараты,8 -ші қабат.
Жиналысты өткізу туралы хабарламаның толық мәтіні Биржаның интернет-
сайтында –
https://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_310521_ru.pdf
мекен-жайында жарияланған.
[2021-04-02]