/KASE, 12.02.21/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2021
жылдың 12 ақпанындағы шешімімен "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ
(Алматы) шет елдік валюаталармен, туынды қаржы құраладарымен, бағалы
қағаздармен және Қазақстан қор биржасында айналымға (сауда-саттыққа)
жіберілген және KASE ішкі құжаты "Мүшелік туралы қағиданың" 12-бабы
2-тармағы екінші абзацында анықталған шарттарды ескере отырып, шет
елдік валюталарға немесе туынды қаржы құралдарына жатпайтын сауда-
саттыққа қатысудан шеттетілді.
KASE Басқармасының шешімімен "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ
валюталық нарықтың, қор нарығының және деривативтер нарығының
клирингілік қатысушысы мәртебесінен айырылды.
Бұрын осы тақырыпта "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу
және қадағалау агенттігінің "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ бағалы
қағаздар нарығында банктік және өзге де операцияларды жүргізуге
арналған лицензиясынан айырғаны туралы" KASE жаңалығы жарияланды
–
https://kase.kz/ru/news/show/1453112/
[2021-02-12]