Қазақстан Республикасының қаржы нарығын ретету және дамыту жөніндегі агенттігі "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ бағалы қағаздар нарығында банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензиясынан айырды

12.02.21 11:28
/KASE, 12.02.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ 2021 жылдың 12 ақпанында Қазақстан қор биржасына баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасының 2021 жылғы 11 ақпанындағы N22 қаулысымен банктік және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айыру туралы шешім қабылданды. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы" Заңының 48 бабы 1 тармағы 7), 15 тармақшаларына сәйкес лицензиясынан айыруға негіз болған жағдайлар: – пруденциалдық нормативтер және (немесе) өзге де сақталуы міндетті нормалар мен шектелімдердің жүйелі түрде бұзылуы (он екі күнтізбелік ай ішінде үш немесе одан да көп рет); – қадағалау әрекетінің шараларын жүйелі түрде орындамау (он екі күнтізбелік ай ішінде үш немесе одан да көп рет); – қосымша қаржыландыру бойынша уәкілетті органның талаптарын Банктің ірі қатысушысының орындамауы. Барлық сұрақтар бойынша Банктің уақытша әкімшілігіне хабарласуға болады: Заңды мекенжайы: AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ, телефондары - +7 (727) +7 (727) 330 88 11, 355 05 35. ҚНРҚА ішкі байланыс басқармасы: +7 (727) 27090 e-mail: PRESS@finreg.kz gov.kz ... [2021-02-12]