"AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
29.01.21 07:11
/KASE, 29.01.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ (Алматы, бұдан әрі –
банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың
01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 19 000 000 дана;
- банктің 16 904 064 жай акциялары орналастырылған;
- банк өзінің 15 071 акциялары кері сатып алды;
- банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі
санына иеленген жалғыз тұлға О.К. Шадиев болып табылады, оның меншігінде 16
888 993 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан
100,00% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,91%) бар.
[2021-01-29]