"Сбербанк России" АҚ "Баспана Хит" жаңартылған мемелекеттік ипотекалық бағдарламасы аясында өтініштер мен несие беруді қарастыруға кірісті
30.12.20 14:11
/KASE, 30.12.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы),
биржаға 2020 жылдың 30 желтоқсанындағы баспасөз мәлімдемесінің
ұсынды:
цитата басы
30 желтоқсан 2020 ж., Алматы қ. «Сбербанк» АҚ ЕБ жаңартылған «Баспана
Хит» мемлекеттік бағдарламасы аясында өтінімдерді қарап, кредит беруге
кірісті.
Сбербанк «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша ипотекалық несие
беруден Қазақстанның екінші деңгейлі банктері арасында көшбасшы болып
табылады, жалпы 205 миллиард теңгеден астам соммаға 24 600 несие
берген. Қазіргі таңда Қазақстанның тұрақтылық қорының мәліметтері
бойынша осы ипотекалық бағдарламаға қатысушы банктер 300 миллиард
теңгеден астам сомаға 35 мыңнан астам ипотекалық несие берілген. Негізгі
көшбасшы аймақтар - Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды облысы.
Банк жаңартылған бағдарламаға қатысу - осы танымал мемлекеттік
бағдарлама бойынша баспана алатын клиенттерге қызмет көрсету
позициясын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді деп күтеді.
Ұлттық банк бекіткен бағдарламаның жаңа шарттарына сәйкес, Нұр-Сұлтан
мен Алматы қалаларында бастапқы нарыққа арналған тұрғын үй құнының
шегі 25 миллионнан 35 миллион теңгеге дейін, сондай-ақ бастапқы және
қайталама тұрғын үйлер құнының шегі - Шымкентте 25 миллион теңгеге
дейін және Қарағандыда 20 миллион теңгеге дейін көтерілді.
цитата соңы
[2020-12-30]