/KASE, 24.07.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "АЗИЯ АВТО" АҚ (Өскемен), Қазақстан қор биржасына 2020
жылдың 23 шілдесіндегі баспасөз хабарламасын ұсынды:
цитата басы
«АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚ акционерлері толық циклді автоөндіріс
құрылысының кестесін бекітті, ол 2021 жылы шанақты пісіру мен бояу
қуаттарын іске қосуды қамтамасыз етеді. Компания өндірістік құрастыру
туралы келісім аясындағы міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін
қаржылық серіктестік туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Өскемен қаласындағы толық циклді автоөндіріс кластері құрылысының
жобасын «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» холдингі «АВТОВАЗ» АҚ атынан
Renault-Nissan-Mitsubishi альянсымен бірлесіп іске асырады. «АЗИЯ АВТО
Қазақстан» АҚ мен ҚР Үкіметі арасындағы өндірістік құрастыру туралы
қолданыстағы келісім 2020 жылы шанақты пісіру мен бояу қуаттарын
пайдалануға енгізуді болжамдайды. Бұрын хабарланғандай, белгіленген
мерзімде компанияның жаңа ауқымды өндірісті іске қосуды жүзеге асыруына
бірқатар форс-мажорлық оқиғалар мүмкіндік бермеді. Республиканың
автомобиль нарығының көпреттік құлдырауы, ұлттық валюта бағамының
өзгеруі мен қаржыландыру тартумен байланысты қиындықтар
міндеттемелердің орындалуына негізгі кедергілер болды. Ағымдағы жылы
компания кездескен қауіп-қатерлерге жауап ретінде шығындарды қысқарту
және бизнесті қайта құрылымдау жөніндегі шаралар қабылдады.
цитата соңы
Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/ASAV/asav_reliz_230720.pdf мекен-жайында
жарияланған.
[2020-07-24]