"Байтерек девелопмент" АҚ төрт шығарылым облигациялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті
01.06.20 17:32
/KASE, 01.06.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясының 2020 жылдың 01 маусымында "Байтерек девелопмент"
АҚ (Нұр-Сұлтан) келесі облигациялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының
"облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті:
- KZ2C00006807 (1 000 теңге, 200,0 млрд теңге; 10 жыл, жылдық купон,
жылдық 6,02 %; 30/360);
- KZ2C00006815 (1 000 теңге, 200,0 млрд теңге; 11 жыл, жылдық купон,
жылдық 6,02 %; 30/360);
- KZ2C00006823 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 12 жыл, жылдық купон,
жылдық 6,02 %; 30/360);
- KZ2C00006831 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 12 жыл, жылдық купон,
жылдық 6,02 %; 30/360).
Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енген датасы туралы
қосымша хабарланады.
Аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы туралы
қосымша хабарланады.
аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі 2020 жылдың 27
мамырында тіркеген, "Байтерек девелопмент" АҚ бірнші облигациялық
бағдарламасы аясында бірінші-төртінші 600,0 млрд теңгеге бірінші болып
табылады.
"Байтерек девелопмент" АҚ қаржылық кеңесшісі "Казкоммерц
Секьюритиз" ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) АҚ (Алматы) болып
табылады.
Аталмыш акцияларға тиісінше BTDVb4–BTDVb7 қысқартылған белгілері
берілді.
Аталмыш акцияларды шығарылым туралы толығырақ ақпарат, Листингілік
комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң, KASE интернет-сайтында
жарияланады.
[2020-06-01]