"Қазақстан қор биржасы" АҚ өз акционерлерінің 2020 жылдың 29 мамырында сырттай дауыс беру арқылы болып өткен жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлайды
29.05.20 13:08
/KASE, 29.05.2020/ – "Қазақстан қор биржасы" (KASE немесе биржа),
хабарлайды: 2020 жылдың 29 мамырында сырттай дауыс беру арқылы
акционерлердің жылдық жалпы жиналысы болып өтті, онда төмендегі
шешімдер қабылданды:
1. Биржаның 2019 жылдағы қызметі туралы Жылдық есебінде баяндалған
мәлімет назарға алынсын.
2. 2019 жылға биржаның жеке және шоғырландырылған жылдық
қаржылық есеп берушілігі бекітілсін.
3. Биржаның 2019 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төленбейді,
Биржаның 2 192 689 810,44 теңге (100 %) көлеміндегі таза табысын
(кіріс) Биржаның дамуына жіберілсін.
4. 2019 жылы Биржаның және оның лауазымды тұлғаларының
әрекеттеріне акционерлердің шағымдары жоқ екендігі назарға алынсын.
5. Биржалық кеңес мүшелеріне және Биржа Басқармасының мүшелеріне
сыйақының көлемі мен құрамы туралы мәліметті назарға алынсын.
6. Биржаның Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2019 жылдың
қорытындысы бойынша жылдық сыйақы төленсін.
[2020-05-29]