"Қазақстан Даму Банкі" АҚ KZ2C00006765 (BRKZb18) облигациялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті
13.05.20 15:55
/KASE, 13.05.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясының 2020 жылдың 13 мамырында "Қазақстан Даму Банкі" АҚ
(Нұр-Сұлтан) KZ2C00006765 (1 000 тенге, 20,0 млрд тенге; 20 жыл;
жартыжылдық купон, жылдық 15,00 %, 30/360) облигациялары KASE негізгі
сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг
процедурасынан өтті.
Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енген датасы туралы
қосымша хабарланады.
Аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы туралы
қосымша хабарланады.
аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі 2020 жылдың 20
қаңтарында тіркеген, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ екінші облигациялық
бағдарламасы аясында 100,0 млрд теңгеге бірінші болып табылады.
"Қазақстан Даму Банкі" АҚ қаржылық кеңесшісі "Казкоммерц
Секьюритиз" ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) АҚ (Алматы) болып
табылады.
Аталмыш акцияларға тиісінше BRKZb18 қысқартылған белгілері берілді.
Аталмыш акцияларды шығарылым туралы толығырақ ақпарат, Листингілік
комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң, KASE интернет-сайтында
жарияланады.
[2020-05-13]