"Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ KZ2C00005833 (BASPb3) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
06.04.20 12:16
/KASE, 06.04.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 06 сәуірінен
бастап "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ (Алматы) KZ2C00005833
облигациялары (KASE альтернативтік сауда-саттық алаң, "коммерциялық
облигациялар", BASPb3; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 05.04.19 – 05.04.20;
жылдық купон, 8,50 % жылдық, 30/360) облигациялары айналыста болу
мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы
хабарлайды.
Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2019 жылдың 01 сәуірінен
бастап "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша енгізілген, олардың
сауда-саттықтары 2019 жылдың 12 сәуірінен бастап ашылды.
[2020-04-06]