/KASE, 12.03.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми
тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) төмендегі
туралы хабарлады:
цитата басы
ОСЫ ХАБАРЛАМА АРҚЫЛЫ Эмитент 2021 жылғы Нота Ұстаушыларына
2020 жылғы 12 наурызда таңғы сағат 10:00-де (Лондон уақыты бойынша)
«Линклейтерс» ЖШС мына мекенжайдағы: One Silk Street, Лондон EC2Y
8HQ, Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Корольдігі кеңсесінде 2020
жылғы 19 ақпандағы жиналысты шақыру туралы хабарламада егжей-
тегжейлі баяндалған 2021 жылғы Ноталарға қатысты кезектен тыс шешім
қабылданғанын хабарлайды. Тиісінше, 2020 жылғы 19 ақпандағы жиналысты
шақыру туралы Хабарламада толық сипатталған өзгерістер мен
түзетулер, сондай-ақ 2021 жылғы Ноталар талаптарына қатысты келісім
2021 жылғы сенімгерлік басқару туралы Болжамды Қосымша шартқа қол қою
жолымен енгізілетін болады. 2021 жылғы Ноталардың жоғарыда көрсетілген
талаптарына қатысты өзгерістер мен толықтырулардың, сондай-ақ
келісімдердің күшіне ену күні 2020 жылғы 13 наурыз, ал келісім бергені үшін
Сыйақы төлеуге қатысты Есеп айырысу күні 2020 жылғы 16 наурыз болады.
цитата соңы
Толық ақпарат KASE интернет-сайтында:
- орыс тілінде –
http://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_120320_3.pdf
на русском языке;
- ағылшын тілінде –
http://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_120320_eng_3.pdf мекен-
жайында жарияланған.
[2020-03-12]