KASE БИРЖАНЫҢ 2019 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕРЕКШЕЛЕНГЕН МҮШЕЛЕРІН МАРАПАТТАУ САЛТАНАТЫН ӨТКІЗДІ

28.02.20 18:04
/KASE, 28.02.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2020 жылдың 28 ақпанында Биржа мүшелерін 2019 жылдың қорытындысы бойынша марапаттау салтанатын өткізді. Корпоративтік облигациялар нарығындағы "Жыл андеррайтері" номинациясы бойынша жеңімпаздар: - "SkyBridge Invest" АҚ; - "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ. "Нарық көшбасшысы" номинациясында: - "Фридом Финанс" АҚ – акциялар нарығында; - "Фридом Финанс" АҚ – корпоративтік облигациялар нарығында; - "Фридом Финанс" АҚ және "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ – мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында; - "Ситибанк Казахстан" АҚ – шет елдік валюталар нарығында; - "Сентрас Секьюритиз" АҚ – үлеспұл инвестициялық қорлар нарығында. "Жыл маркет-мейкері" номинациясында марапатталғандар: - "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ – акциялар нарығында; - "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы -"BCC Invest" АҚ – корпоративтік облигациялар нарығында. "Инвесторлаорды тартудағы айтарлықтай үлесі үшін" номинациясында "Фридом Финанс" АҚ марапатталды. "Эмиссиялық белсенділігі үшін" номинациясында марапатталды: "Қазақстан тұрақтылық қоры" АҚ ("Баспана" АҚ құқық мирасқоры) және Еуропа қайта құру және даму банкі. Осы іс-шара бойынша толық ақпарат KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/press_releases/ мекен-жайында жарияланған. "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерін жыл сайын марапаттау ережесі KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/rules_annual_reward.pdf мекен-жайында жарияланған. KASE алғаш рет Биржаның ерекшеленген мүшелерін 2002 жылы маратпаттау өткізген. Алдыңғы жылдардағы номинация дипломанттарымен KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/ru/members_diplomas/ мекен- жайында жарияланған. [2020-02-28]