/KASE, 09.08.19/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 17 шілдесіндегі шешімімен
"МеталлИнвестАтырау" АҚ (Атырау) KZ2P00006034 (1 000 теңге, 1,5 млрд
теңге; 3 жыл, жарты жылдық купон, жылдық 7,12 %, 30/360) облигациялары
KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты
бойынша ресми тізіміне енгізілді.
Листингілік комиссияның осы шешімі 2019 жылдың 09 тамызынан бастап,
эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2
қосымшасының 5 тарауы 1 тармағының шарттарын орындауына
байланысты, өз күшіне енді.
Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы
туралы қосымша хабарланады.
Аталмыш облигацияларға MIATb1 қысқарған белгісі (сауда-саттық кодтары)
берілді.
Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-
сайтында жуырдағы
http://kase.kz/ru/issuers/ MIAT/ мекен-жайында
жарияланады.
[2019-08-09]