"Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ Басқармасының құрамы өзгертілді
05.06.19 15:19
/KASE, 05.06.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ Қазақстан
қор биржасына 2019 жылдың 05 маусымындағы төмендегі баспасөз
хабарламасын ұсынды:
цитата басы
«Сбербанк» АҚ ЕБ Директор Кеңесімен Ельдар Амантаевич Тенизбаев 2019
ж. 03 маусымнан бастап «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының Бірінші
орынбасары болып тағайындалды.
Ельдар Амантаевич банк саласында 2005 жылдан бастап жұмыс атқарып
келеді, Сбербанк командасына 2012 жылы Ұлттық компаниялармен және
даму институттарымен жұмыс департаментінің директоры ретінде қосылды.
Сбербанкке дейін «Қазақстан даму банкі» АҚ-да Басқарушы директор
лауазымын атқарған.
Ельдар Тенизбаев Республикалық физика-математикалық мектебін, сондай-
ақ Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтын, Cass
Business School, City University London тәмамдаған. 2014 жылы Сбербанктің
Корпоративтік институтымен бірге топ-менеджменттің біліктілігін арттыру
бағдарламасы аясында London Business School-да оқудан өтті. Қаржы және
халықаралық бухгалтерлік есеп саласында MBA және MSc дәрежелеріне ие,
«Болашақ» бағдарламасының степендианты болып табылады.
«Бүгінде Сбербанк, ұйымшыл команданың және клиенттердің бейілділігі
арқасында қазақстандық қаржы нарығына берік орнықты. Қолжеткізілген
табыстарға қарамастан, ұсынылатын қызметтер сапасын әрі қарай
жетілдіру, тиімді сатылым жүйесін қалыптастыру, Сбербанктің әлемдік
желісін пайдаланып жаңа өнімдер жасап шығару және заманауи
инновациялық технологияларды сәтті енгізу бойынша әлі алда бұдан да биік
мақсаттар күтіп тұр. Мен осының барлығы Сбербанкке қазақстандық
бизнесті тек республика аумағында ғана емес, шетелде де сапалы дамытуға
септігін тигізетініне сенімдімін», - деп Ельдар Тенизбаев өз қызметтік
тағайындалуына қатысты түсініктеме берді.
Қосымша ақпарат:
Е.А. Тенизбаевтің еңбек қызметі
01.08.2005 ж. - 19.05.2008 ж. – «Қазақстан даму банкі» АҚ, «БРК-Лизинг»
АҚ:
Жобалар мониторингі және агенттік қызмет көрсету департаментінің
Агенттік қызмет көрсету басқарма менеджерінен Жобалық талдау
басқармасы бастығына дейінгі жолды жүріп өтті;
19.05.2008 ж. – 28.07.2009 ж. – «Казтемиртранс» АҚ («Қазақстан Темiр
Жолы» еншілес ұйымы), Басқарушы директор;
21.09.2009 ж. – 15.01.2012 ж. - «Қазақстан даму банкі» АҚ, Жобалар
бойынша басқарушы директор;
16.01.2012 ж. – қазіргі уақытта - «Сбербанк» АҚ ЕБ:
16.01.2012 ж. – Басқарушы директор - Ұлттық компаниялармен және даму
институттарымен жұмыс департаментінің директоры;
01.11.2013 ж. – «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының Орынбасары;
03.06.2019 ж. – «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының Бірінші
орынбасары.
цитата соңы
[2019-06-05]