FERRO-ALLOY RESOURCES LIMITED ЖАЗЫЛЫМ АЯСЫНДА (GG00BGDYDZ69 (GG_FERR) 14 908 ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА БІР АКЦИЯҒА 3 047,31 ТЕҢГЕДЕН 0,7 ФУНТ СТЕРЛИНГ СОМАҒА ЖҮРГІЗІЛЕДІ

20.03.19 19:06
/KASE, 20.03.19/ – Қазақстан қор биржасы өзінің сауда-саттық жүйесінде жазылым жүргізу арқылы 2019 жылдың 07 науырзынан 13 наурызына дейін Ferro-Alloy Resources Limited (Гернси) GG00BGDYDZ69 (KASE балама алаңы, "акциялар" секторы, GG_FERR) облигацияларының бастапқы орналастырылуы жүзеге асырылады. Аталмыш облигацияларға жазылым жүргізгенде сатушысы ретінде "Tengri Capital MB" АҚ болады. Орналастырылатын облигациялардың саны – 14 908 акция ұсынылды. Жазылым қорытындысы бойынша есептеулер жүргізу үшін – 2019 жылдың 20 наурызы. Есептеулер Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі белгілеген ресми бағам бойынша фунт стерилингпен берілген өтінімге балама көлемде теңгемен жүзеге асырылды, есептеулер жүргізу күні бір фунт стерилингке – 498,14 теңге. Барлығы сауда-саттық жүйесіне 14 908 акция сатып алуға екі өтінім келіп түсті ( ұсынымнан 0,2 %), аяқталу сәтінде өінімдер белсенді болып табылды. Берілген өтінімдердегі берілген баға бір акцияға 0,7 фунт стерлингті құрады. Белсенді өтінімдер бойынша жиынтық сұраным 10 435,60 фунт стерилингті құрады. Өтінімдер жеке тұлғалардан түсті. Жазылым нәтижесі бойынша эмитент кесімді бағаны 0,7 фунт стерилингпен белгіледі, екі өтінім 14 908 акцияны сатып алуға (ұсынған көлемнің 0,2 %) қанағаттандырылды. Орналастырудың жиынтық көлемі 10 435,6 фунт стерилингті (балама 5 198 389,8 теңге) құрады. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ мәліметтері бойынша жазылым бойынша барлық мәмілелер жарияланым сәтінде аталмыш ақпараттар есптеліп, жазылым аяқталды. [2019-03-20]