/KASE, 12.03.19, 11.03.19, жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
өзінің сауда-саттық жүйесінде 2019 жылдың 07 наурызынан 13 наурызына
дейін жазылым жүргізу арқылы Ferro-Alloy Resources Limited (Гернси)
GG00BGDYDZ69 (KASE балама алаңы, "акциялар" секторы, GG_FERR) жай
акцияларының бастапқы орналастырылуы жүзеге асырылады.
Аталмыш облигацияларға жазылым жүргізгенде сатушысы ретінде "Tengri
Capital MB" АҚ (әрі қарай – Сатушы) болады.
Орналастырылатын облигациялардың саны – 9 000 000 дана, бір
акцияның бағасы - 0,9 фунт стерлинг.
Жазылым шегінде өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 07 наурызынан 11
наурызына дейін алматы уақытмен сағат 11:00-ден бастап 17:00-ге дейін.
Жазылым жүргізгенде бағалы қағаздың коды – GG_FERR. Жазылым
шегінде тек, KASE сауда-саттық жүйесінде жабық әдіспен берілген,
шектелімді өтінімдер ғана қабылданады.
Сатып алушылар үшін жазылым жүргізу шарттарымен облигациялардың
максималды санына шектеу қойылмаған.
Сатушыға биржа қабылдаған өтінімдерді ұсыну уақыты – 2019 жылдың
11 наурызы; Сатушының биржаға қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін
ұсыну күні – 2019 жылдың 11 наурызы; есеп айырысуды жүзеге асыру
уақыты – 2019 жылдың 18 наурызы.
Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ жүзеге
асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушылар өздері сатып алған
бағалы қағаздардың төлемін "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ
шоттарында алматы уақытымен 2019 жылдың 18 наурызында сағат 09:00-
де күні қамтамасыз етуі тиіс. Сатып алушыда берілген өтінім көлеміне
балама көлемде фунт стерлингпен Қазақстан республикасының Ұлттық
банкі белгілеген, ресми бағаммен қажетті сома болуы қажет.
Жазылымға қатысу үшін өтінім KASE мүшелері арқылы "қор" санаты
бойынша беріледі. KASE мүшелерінің толық тізімі
http://kase.kz/ru/membership мекен-жайында жарияланған.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес, аталмыш облигациялардың
эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпарат тізіміне келесі
мәліметте кіреді:
1) Жеке тұлғаның тегі, аты әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның
атауы;
2) Жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН.
3) Инвестордың азаматтығы – жеке тұлғаның немесе мемлекеттің заңына
сәйкес тіркелуі жүргізілген инвестордың тіркелуі – заңды тұлғаның заңды
тұлға ретінде;
Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережелері KASE интернет-сайтында
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайында жарияланған.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE
интернет-сайтында
http://kase.kz/ru/shares/show/GG_FERR мекен-жайында
жарияланған.
[2019-03-12]