"Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ "Еңбек" кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлерді жалпы сомасы 5 187 млн теңгеге қаржыландыру туралы хабарлады
30.11.18 15:51
/KASE, 30.11.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ (Алматы),
баспасөз хабарламасы туралы хабарлайды:
цитата басы
«Сбербанк» АҚ ЕБ Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті
дамыту бағдарламасы («Еңбек») бойынша көшбасшылық орнын сақтауда.
Бүгінгі таңда Банк жалпы сомасы 5 млрд 187 млн теңгеге 384 кәсіпкерді
қаржыландырды.
164 жоба бойынша қамтамасыз ету ретінде жалпы сомасы 1 млрд. 166 млн.
теңгеден асатын кепілдікер алынды.
Сбербанк бұл мемлекеттік бағдарламаға оны іске асыру басталған сәттен
бастап белсенді қатысуда. 2017 жылы Бағдарламаның алғашқы траншы
аясында Сбербанкке 4 млрд. 260 млн. теңге бөлінген болатын, ол түгелдей
игерілді. Осы жылдың тамыз айында 2 млрд. 601 млн. теңге сомасында
алынған екінші транш аясында Сбербанк 790 млн теңге сомаға 61
заемшыны қаржыландырып үлгерді.
2017 және 2018 ж. өзінде Сбербанк «Еңбек» бағдарламасы бойынша жалпы
сомасы 2 млрд. 581 млн. теңгеге 206 старт-ап жобаларды қаржыландырды.
«Банкттерге «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 23
млрд. теңгеден астам соманың 30%-ы Сбербанкке тиесілі, - дейді
«Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Александр Камалов, - Бұл өз
бизнестерін біздің банк арқылы дамытқысы келетін жаңадан бастаған
кәсіпкерлер үшін өте маңызды».
Мысалы, Атырауда мұнай-газ секторында қызмет атқаратын сервистік
кәсіпорынға транспорттық қызметтер көрсетуді жоспарлап отырған ЖК
«Бағдаулеттің» жаңадан басталған бизнесін, ал Павлодарда өңір
тұрғындары үшін нан және нан-бөлішке өнімдерін өндірумен айналысатын
ЖК «Айдалиді» Сбербанк осы бағдарлама бойынша қаржыландырды.
цитата соңы
[2018-11-30]