KASE "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамынан өзінің 6 063 KZ1C10030019 (KZ1C00001213, KASE) жай акциясын кері сатып алады
28.09.18 17:36
/KASE, 28.09.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: "Қазақстан
қор биржасы" АҚ акцияларының құнын анықтау әдістемесіне сәйкесғ
акцияларды KASE Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 07 қыркүйегіндегі
шешімі негізінде кері сатып алғанда 2018 жылдың 26 қыркүйегінде "Бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамымен ("БЖЗҚ" АҚ)
акцияларды сатып алу-сату келісім-шарты жасалды.
Аталмыш келісім-шартқа сәйкес және аталмыш Әдіңстемені ескере отырып,
KASE "БЖЗҚ" АҚ-нан 6 063 KZ1C10030019 (KZ1C00001213, KASE) жай
акциясын, бір акцияға 4 657,18 теңге бағасымен кері сатып алады.
[2018-09-28]