/KASE, 28.08.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2018 жылдың 28 тамызынан бастап, "валюталық" және "қор"
санаты бойынша KASE мүшесі болып табылатын "Эксимбанк Казахстан"
АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасында айналымға жіберілген шет елдік
валюталарымен және бағалы қағаздармен сауда-саттыққа ( қаржы
құралдарымен бұрын жасалған мәмілелер мен/немесе бұрын туындаған
міндеттерді орындау мақсатынан басқа) қатысудан шеттетілді.
Қазақстан қор биржасы Басқармасының осы шешімімен, 2018 жылдың 28
тамызынан бастап "Эксимбанк Казахстан" АҚ "валюталық нарықтың
клирингілік қатысушысы" және "қор нарығының клирингілік қатысушысы"
санаттары бойынша клирингтік қатысушы мәртебесінің күші уақытша
тоқтатылды.
Шешім Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 жылдың 28
тамызындағы "Qazaq Banki" АҚ бағалы қағаздар нарығында банктік және
өзге де операцияларды жүргізуге лицензиясынан айыру туралы
хабарламасы" және KASE ішкі құжаты "Мүшелік туралы қағиданың" 11 бабы
2 тармағының 1) және 2) тармақшасына сәйкес қабылданды.
Бұрын хабарлағандай, 2018 жылдың 28 тамызынан бастап "Эксимбанк
Казахстан" АҚ KASE ресми тізімінен шығарылды –
http://kase.kz/ru/news/show/1380042/
[2018-08-28]