"Эксимбанк Казахстан" АҚ бағалы қағаздары 2018 жылдың 25 тамызынан бастап KASE ресми тізімінен шығарылады
25.08.18 11:21
/KASE, 25.08.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Эксимбанк Казахстан"
АҚ (Алматы) төмендегі облигациялары 2018 жылдың 25 тамызынан
бастап төмендегі акциялары KASE ресми тізімінен шығарылатыны туралы
хабарлайды:
- KZ1C36110019 (KZ000A0LGXR8, KASE негізгі сауда-саттық алаңы,
"стандарт" санаты, EXBN) жай акциялары;
- KZ1P36110115 (KZ000A0LGVG5, KASE негізгі сауда-саттық алаңы,
"стандарт" санаты, EXBNp) артықшылықты акциялары;
- KZP01Y10E988 (KZ2C00003325, KASE негізгі сауда-саттық алаңы,
"облигациялар" санаты, EXBNb4) облигациялар;
KZP02Y05E986 (KZ2C00003929, KASE негізгі сауда-саттық алаңы,
"облигациялар" санаты, EXBNb5) облигациялар.
KASE 2018 эжылдың 19 шілдесіндегі қорытындысында "Эксимбанк
Казахстан" АҚ екінші купондық кезеңге (2017 жылдың 04 желтоқсанынан
2018 жылдың 03 маусымына дейін) KZP02Y05E986 (KZ2C00003929,
EXBNb5) облигацияларына төлем бойынша дефолт жасағаны, сондай-ақ
оның бағалы қағаздарын "буферлік" санатына ауыстыру үшін
негіздемелерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын ұсынбағаны анықталды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2017 жылдың 27 наурызындағы
№54 қаулысымен бекітілген, қор биржасының тізімінің жекелеген санатына,
қор биржасында айналымға жіберілетін (жәберліген) эмитенттерге және
олардың бағалы қағаздарына Талаптарының 35 тармағы 2( тармақшасына
сәйкес, эмитенттің бағалы қағаздары эмитент дефолт болған жағдайда
өзінің міндеттемелері бойынша сыйақы төлеу бойынша және аталмыш
талаптардың 20 тармағында қарастырлыған іс-шаралар жоспарын эмитент
ұсынбаған жағдайда делистингілеуге жатады.
Жоғарыда аталған негізінде және KASE ішкі құжаты "Листингілік
ережелерінің" 2.2. қосымшасы 1 тарауының 2) тармақшасына сәйкес
аталмыш бағалы қағаздар делистингілеуге жатады.
[2018-08-25]