/KASE, 26.01.17/ – Қазақстан қор биржасының (Биржа) Индекс және бағалы
қағаздарды бағалау Комитеті 26 қаңтардан бастап балама алаңның
облигациялар нарығының индикаторларын (KASE_BAC таза бағасының
индексі және KASE_BAY облигациялар кірістілігі индикаторы) есептеуді
тоқтату туралы шешім қабылдады. Аталмыш шешім аталмыш
индикаторларды есептеу үшін өкілеттік таңдау болмағандықтан
қабылданды.
Қор нарығының индикаторлар есептеу Әдістемесіне сәйкес (әрі қарай –
Әдістеме) KASE_BA* сериясы корпоративтік облигациялар нарығын есептеу
үшін өкілеттік тізімі (әрі қарай – Тізім) Әдістемеде белгіленген өлшемдерге
сәйкес, "Балама" биржалық алаңының ресми тізімінде тұрған
облигациялардың ішінен қалыптастырылады. Сонымен қатар, аталмыш
облигациялардың тізімдегі жалпы саны төрттен кем болмауы тиіс.
26 қаңтарға дейін Тізім келесі атаудағы облигацияларынан тұрады:
1)"Батыс транзит" АҚ KZ2CKY13B996 (KZ000A0T88N8, BTTRb1),
2)"Фридом Финанс" АҚ KZ2C0Y03F091 (KZ2C00003440, FFINb1),
3)"ОРДА кредит" несие серіктестігі" ЖШС KZ2P0Y10C900 (KZ2P00000193,
ORDKb2)
4) "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ KZP01Y03F022 (KZ2C00003366, ASYLb1).
2018 жылдың 26 қаңтарынан бастап "ОРДА кредит" несие серіктестігі" ЖШС
облигациялары биржаның тізімінен шығарылуы тиіс болатын, сәйкесінше
айналым мерзімі өтуіне байланысты Тізімнен шығарылуы керек. Балама
алаңында 16 эмитенттің 20 атаулы облигациялары болуына қарамастан,
Тізімге қосу үшін Әдістеме өлшемдеріне толық сәйкес келетін басқа
облигациялар балама алаңда жоқ. Көбінесе облигациялар маркет-
мейкердің қағаздары болмауына байланысты Әдістеменің талаптарына
сәйкес келмейді.
Жоғарыда атлғандарға байланысты, Әдістеменің өлшемдеріне сәйкес
келетін, балама алаңда облигациялардың кем дегенде төрт атауы пайда
болғанша, Биржа 26 қаңтардан бастап KASE_BA* сериясы
индикаторларының есептеуін тоқтатады.
Биржа өзініңинтернет-ресурсында KASE_BA* сериясы индикаторларының
соңғы есептелген мәнін жариялайтын болады.
KASE_BA* сериясы индикаторларына KASE_BAC таза баға индекстері
және KASE_BAY кірістілігі индикаторы кіреді. Аталмыш индикаторларды
есептеу күн сайын 2017 жылдың 04 қыркүйегінен бастап жүргізілді.
Әдістеме мәтіні KASE интернет-сайтында
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайында
орналасқан
[2018-01-292018-01-26]