/KASE, 28.06.2017/ – "Қазақстан қор биржасы" (KASE немесе биржа),
хабарлайды: 2017 жылдың 25 мамырында акционерлердің жылдық жалпы
жиналысы болып өтті, онда төмендегі шешімдер қабылданды:
1. Биржаның 2016 жылдағы қызметі туралы мәлімет назарға алынды.
2. 2016 жылға биржаның жылдық қаржылық есеп берушілігі бекітілді.
3. Биржаның 2016 жылдағы таза пайдасын бөлу тәртібі бекітілді:
- Биржаның жай акциялары бойынша 2016 жылдың қорытындысы
бойынша дивиденд төлемеу;
–Биржаның 734 026 766 теңге 07 тиын көлеміндегі таза табысын
(кіріс) (100 %) Биржаның дамуына қосу.
4. 2017 жылға биржаның жылдық қаржылық есеп берушілігіне аудит
жүргізу мақсатында "BDO Kazakhstan" ЖШС аудиторлық ұйымды
анықтау.
5. 2016 жылы Биржаның және оның лауазымды тұлғаларының
әрекеттеріне акционерлердің шағымдары және оларды қарау
нәтижелері.
6. Биржалық кеңес мүшелеріне және Биржа Басқармасының мүшелеріне
сыйақының көлемі мен құрамы туралы мәліметті назарға алу.
7. Директорлар кеңесінің мүшесі – Биржаның тәуелсіз директоры
А.Ш. Бабаевтың өкілеттігін 2017 жылдың 25 мамырынан бастап тоқтату.
Директорлар кеңесінің мүшесі – Биржаның тәуелсіз директоры етіп 2017
жылдың 25 мамырынан бастап Ш.Р. Айнабаева сайлансын.
8. Биржаның Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2016 жылдың
қорытындысы бойынша жылдық сыйақы төлеу
9. Биржаның Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2017 жылдың
01 маусымынан бастап ай сайынғы сыйақы көлемін анықтау.
10. Биржаның жарғысына №2 өзгертулер бекітілсін және
А.Ө.Алдамбергеннің Биржаның жарғысына №2 өзгертулерге қол қоюға
уәкілеттігі бекітілсін.
11. 2017 жылдың 01 маусымынан бастап, аталмыш өзгертулер мен
толықтыруларды қолданысқа енгізу туралы Директорлар кеңесінің №1
Қағидасына өзгертулер мен толықтырулар бекітілсін.
12. "Қазақстан қор биржасы" АҚ акцияларының құнын анықтау Әдістемесіне
№1 өзгертулер бекітілсін, оларды сатып алу кезінде аталмыш
өзгертулер 2017 жылдың 01 маусымынан бастап күшіне енеді.
Биржаның 2016 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша KASE баспасөз
хабарламасы
http://www.kase.kz/files/press/ru/25_05_2017_GOSA.pdf мекен-
жайында орналасқан.
[2017-05-25]