"Сбербанк Росcии" Еншілес Банкі АҚ Кайнар-АКБ" ЖШС өнімдерін Ресей Федерациясына келісім-шарт бойынша жеткізуге қаржылай қолдау көрсеткені туралы хабарлады
16.05.17 12:32
/KASE, 16.05.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми
тізімінде тұрған "Сбербанк Росcии" Еншілес Банкі АҚ (Алматы), Қазақстан
қор биржасына (KASE), баспасөз хабарламасын ұсынды:
цитата басы
Сбербанк қазақстандық аккумулятор өндірушісі - "Қайнар-АКБ"
компаниясына Ресей Федерациясына өнім жеткізуге экспорттық келісімшарт
бойынша саудалық қаржыландыруды ұсынды.
"Қайнар-АКБ" компаниясы - өз бизнесін белсенді дамытып келе жатқан
біздің көпжылдық және сенімді серіктесіміз. Былтырғы жылдың өзінде-ақ
компания өнімінің экспорты 2 еседен астамға өскен, - деп "Сбербанк" АҚ ЕБ
Басқарма Төрағасының орынбасары Ельдар Тенизбаев атап көрсетті. - Біз
клиентімізге ынтымақтастықтың жаңа нысанын – экспорттық келісімшарт
бойынша саудалық қаржыландыруды қуана ұсынып отырмыз. Мәміле
барлық қатысушылар үшін өте тартымды, импорттаушы тиімді талаптарда
қаржыландыруды алады, ал экспорттаушы төлемдік тәуекелдерді банкке
арта отырып, өткізу географиясын кеңейтеді. Сбербанк әрі қарай да «Made
in Kazakhstan» өнімі экспортының ұлғаюына ықпал етуге мүдделі».
"Сбербанк" АҚ ЕБ экспорттаушы пайдасына Ресей банктерінің бірі шығарған
аккредитивті растай отырып, клиенттің түсімді алуының төлемдік
тәуекелдерін өзіне алды. Бұл жағдайда "KazakhExport" экспорттық
сақтандыру компаниясы» АҚ-ның ("Байтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы)
сақтандыру өтемінің арқасында мұндай тәуекелдер төмендетілді. Сондай-
ақ банк пен сақтандыру компаниясы арасындағы ынтымақтастық аясында
құжаттамалық аккредитивтер бойынша экспорттық өнімнің шетелдік сатып
алушысын жеңілдікті қаржыландыруды ұсынуға мүмкіндік беретін келісім
жасалды.
"Қайнар – АКБ " ЖШС – аккумуляторлық батареялардың қазақстандық
өндірушісі, оларды шығару халықаралық стандарттар бойынша заманауи
құрал-жабдықта жүзеге асырылады. Компания өнімін сатудың негізгі
нарықтарына ТМД елдері мен шетел жатады: Ресей, Өзбекстан,
Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Беларусь, Қытай, БАӘ және
Қазақстан. Компанияның өндірістік қуаты – жылына 3 миллион АКБ.
"KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ – экспорттық-
кредиттік агенттіктің функцияларын жүзеге асыратын жалғыз ғана
мамандандырылған сақтандыру ұйымы.
«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк
Қазақстанның қаржы нарығында 10 жыл табысты жұмыс істеп келеді
және активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 4-
орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-ның 83 құрылымдық
бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 16-сы - филиал.
Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.
цитата соңы
[2017-05-04]