2016 жылдың 28 қазанынан бастап "Имсталькон" АҚ KZP01Y07D747 (KZ2C00000420, IMSKb3) облигациялары KASE ресми тізімінен шығарылды
28.10.16 12:37
/KASE, 09.05.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясының шешімімен 2016 жылдың 28 қазанынан бастап
"Имсталькон" АҚ (Алматы) KZP01Y07D747 (KZ2C00000420, KASE ресми
тізімі, "буферлік санат" санаты, IMSKb3) облигациялары KASE ресми
тізімнен алып тасталды
2016 жылдың 12 қазанындағы KASE тұжырымдамасында, аталмыш
облигациялар бойынша "Имсталькон" АҚ 12-ші купондық кезеңге
(2016 жылдың 08 наурызынан 07 қыркүйегіне дейін) сыйақы төлемі бойынша
дефолт болды.
Қазақстан республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2014 жылдың 22
қазанындағы №189 қаулысымен бекітілген, Қор биржасында айналымға
жіберілген (жіберілетін) эмитенттер мен олардың бағалы қағаздарына,
сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын
талаптың 26 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, егер эмитенттің
директорлар кеңесі міндеттемелерді қайта құрылымдау жасамаған
жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары өзінің міндеттемелері бойынша
оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болған уақытта,
дефолт болған жағдайда делистингілеуге жатады.
Жоғарыда айтылғанның негізінде, "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі
құжатының 19 бабының 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес аталмыш
облигациялар делистингіленді.
Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2010 жылдың 08 қыркүйегінен
бастап "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына,
2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап "өзге борыштық бағалы қағаздар"
санатына, ал 2016 жылдың 13 мамырынан бастап KASE ресми тізімінің
"буферлік санат" санатына ауыстырылған. Олардың сауда-саттығы
2010 жылдың 11 қарашасынан бастап ашылған.
[2016-10-28]