"Имсталькон" АҚ KZP02Y07D547 (KZ2C00000446, IMSKb2) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
10.10.16 09:47
/KASE, 10.10.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2016 жылдың
10 қазанынан бастап "Имсталькон" АҚ (Алматы) KZP02Y07D547
(KZ2C00000446, KASE ресми тізімі, "буферлік санат" санаты; IMSKb2; 100
теңге, 4,4 млрд теңге; 08.10.09 – 08.10.16, инфляция деңгейі бойынша
индекстелген жартыжылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 15,0 %;
30/360) айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми
тізімінен шығарылды.
Аталмыш облигациялар 2009 жылдың 09 қарашасынан бастап KASE ресми
тізімінің "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздары" санатының
бірінші санатшасы бойынша, 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап KASE
ресми тізімінің "өзге борыштық бағалы қағаздары" санатына, ал 2016
жылдың 13 мамырынан бастап "буферлік санат" санатына ауыстырылды.
Олардың сауда-саттығы 2015 жылдың 15 қаңтарынан бастап ашылды.
[2016-10-10]