"Казкоммерцбанк" АҚ Басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады
07.06.16 10:00
/KASE, 07.06.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор
биржасына (KASE), төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды:
цитата басы
"Казкоммерцбанк" АҚ Дәурен Сартаевтың банктің басқарушы директоры
болып сайланғаны туралы және 2016 жылғы 1 маусымнан бастап
басқарушы директор Әділ Батырбековтың басқарма құрамынан шығатыны
туралы хабарлайды.
Дәурен Сартаев шағын және орта кәсіпорындарға қызмет көрсету саласын
басқаратын болады. Қазкоммерцбанкке келместен бұрын ол халықаралық
Ernst & Young аудиторлық компанияда, "Кcell" АҚ ұялы байланыс
операторында, "Темiрбанк" АҚ және "Қазкоммерцбанк" АҚ ірі коммерциялық
банктерде басшы қызметінде бизнесті дамытумен айналысты.
"Біз Дәурен Сартаевты ШОБ секторын дамыту үшін командамызға
шақырдық. Өйткені бұл - банктің жаңа стратегиясының ең негізгі
бағыттарының бірі. Ол өзінің мол тәжірибесінің арқасында алдына қойған
мақсаттарға табысты қол жеткізетініне сенеміз", - деді банктің басқарма
төрағасының міндетін атқарушы Абай Искандиров.
Искандиров мырза банктің басқарма құрамынан шыққан, алайда басқарушы
директор қызметінде қалған Батырбеков мырзаға да банктің дамуына қосқан
үлесі үшін өз алғысын білдірді. "Әділ Батырбековтың біздің командамызда
қалу туралы ұсынысымызды қабыл еткеніне қуаныштымыз. Оның мол
тәжірибесі банк дамуының жаңа кезеңінде қажет болатыны сөзсіз", - деді
Икандиров мырза.
цитата соңы
[2016-06-07]