"Темiрбанк" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
15.04.16 10:32
/KASE, 15.04.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Темiрбанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша
үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған KZ1C00260014 жай акцияларының жалпы саны 20 000 000 000
дана, KZ1P00260110 артықшылықты акциялар саны – 5 000 000 дана;
- банктің барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- банк өзінің 4 002 719 артықшылықты акциясын қайта сатып алды;
- банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі
санына иеленген жалғыз тұлға "FORTEBANK" АҚ болып табылады, оның меншігінде
20 000 997 281 (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,98%)
соның ішінде банктің 20 000 000 000 жай акциясы (банктің орналастырылған жай
акцияларының жалпы санынан 100,00%) және 997 281 артықшылықты акциясы (банктің
орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 19,95%) бар.
[2016-04-15]