/KASE, 07.04.15/ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк)
2015 жылдың 26 ақпанынан 25 тамызына дейінгі кезеңде "Қазақстан қор
биржасы" АҚ акцияларын орналастыру нәтижелері туралы №16 есебін бекіту
туралы 2016 жылдың 01 сәуіріндегі есебін бекітті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы №72
қаулысымен бекітілген, Қазақстан қор биржасының интернет-ресурстарында
депозитарийдің қаржылық есептілігін, корпоративтік оқиғалар туралы
ақпаратты, қаржылық және аудиторлық есептілік, сондай-ақ атқарушы орган
мүшелеріне жыл қорытындысы бойынша сыйақы төлеу көлемі туралы
ақпаратты орналастыру ережесіне сәйкес, төмендегі хабарламаны
ұсынамыз:
1. Бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуден өткізетін
мемлекеттік орган атауы, бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік
тіркеу күні: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығы
және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті,
2012 жылдың 20 желтоқсаны.
2. Бағалы қағаздардың шығару түрі, саны, бағалы қағаздарға берілген
ұлттық сәйкестендіру номері, 5 000 000 дана, KZ1C10030019.
3. Жарияланған бағалы қағаздардың санын арттыру: бағалы
қағаздардың шығарылым аңдатпасына өзгертулерді мемлекеттік
тіркеу күні, жарияланған бағалы қағаздар санын арттыру туралы
шешім қабылдау күні, бағалы қағаздардың шығарылым аңдатпасына
тиісті өзгертулер енгізілгеннен кейін жарияланған бағалы қағаздардың
саны, түрлері бойынша: есептік кезеңде жарияланған жай
акциялардың санын арттыру туралы шешім қабылданған жоқ.
4. Бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдау күні: есептік
кезеңде жай акцияларды орналастыру туралы шешім қабылданған
жоқ.
5. Бағалы қағаздарды орналастыруды бастау күні, орналастыруға
ұсынылған және орналастыру әдісімен бағалы қағаздардың санын
көрсете отырып, оларды орналастыру шарттары: қолданылмайды.
6. Бағалы қағаздарды орналастырудың аяқталу күні (орналастырудың
есептік кезеңін ескере отырып): қолданылмайды.
7. Бағалы қағаздарды өтеу күні: қолданылмайды.
8. Бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы туралы есебін бекіту
күні, бағалы қағаздардың саны мен есептік кезеңде орналастырылған
(өтелген) түрлерін көрсете отырып, өтеу қорытындысы туралы есеп
күні: 2016 жылдың 01 сәуірі.
9. Есептік кезеңде акционерлік қоғамның өздері шығарған және оны
ұстаушылардан сатып алынған бағалы қағаздарының саны мен түрі:
жай акциялар сатып алынған жоқ.
10. Есептік кезеңде акциялар бойынша дивиденд төлеу, облигациялар
бойынша кіріс туралы мәліметтер: дивидендтер бойынша жай
акциялар сатып алынған жоқ.
11. Бағалы қағаздардың есептік кезеңде жою негіздемелерін көрсете
отырып, шығарылымын жою күні: есептік кезеңде жай акциялар
шығарылымы жойылған жоқ.
Аталмыш акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есебі KASE
интернет-сайтында
http://www.kase.kz/files/for_shareholders/otchet_16.pdf
мекен-жайы бойынша жарияланған.
[2016-04-07]