KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды
15.03.16 18:29
/KASE, 16.03.2016/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа)
Директорлар кеңесі 2016 жылдың 05 наурызында, KASE мүддесі бар және
Биржамен ерекше қарым-қатынастармен байланысы бар тұлғамен мәміле
болып табылатын, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ
тарифтерді төлеуді мақұлдады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың
24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп беру
депозитарийдің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік
уақиғалар, қаржылық есеп берушілікті және аудиторлық есептерді,
қаржылық есептілік депозитарийі интернет-ресурсында орналастыру
Ережесіне сәйкес, келесі ақпараттарды ұсынамыз:
- Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған
күні: 2016 жылдың 05 наурызы (Биржалық кеңестің шешімі; 2016 жылдың
05 наурызындағы №7 отырыс хаттамасы).
- Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды.
- Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы:
қолданылмайды.
- Мәміленің заты болып табылатын мүлік құнының жалпы активтерге
қатысты пайыздық қатынасы: қолданылмайды.
- Мәміленің негізгі елеулі шарттары:
- қызмет – биржаның бағалы қағаздарына CFI кодын ұсыну;
- CFI кодын ұсыну үшін тариф сомасы – 10 605 теңге.
- Мәміле жасасу күні: 2016 жылдың 11 наурызы.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ Қазақстан
Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңының 64 бабының
1 тармағына сәйкес Биржаға қатысты үлестес тұлға болып табылады.
[2016-03-16]