KASE биржамен айрықша қарым-қатынастармен байланысты, тұлғамен жасасқан мәміленің шарттары өзгергені туралы хабарлайды
28.01.16 09:47
/KASE, 28.01.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесі
12 қарашада (Директорлар кеңесінің 2016 жылдың 26 қаңтарындағы шешімі,
№ 4 отырыс хаттамасы) "Qazaq Banki" акционерлік қоғамымен банктік
салым туралы келісім-шартты, сондай-ақ оған енгізілген өзгертулерді, атап
айтқанда, 2015 жылдың 18 қарашасындағы "ALL EXCLUSIVE" банктік
салымы туралы келісім-шарттың, салым бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің, биржамен айрықша қарым-қатынастармен байланысты
тұлғамен мәміле ретінде, 2016 жылдың 25 қаңтарынан 25 ақпанына дейінгі
кезеңде жылдық 13,00 %-дан 19,00 %-ға дейін көбеюі бөлігінде мақұлдады
Аталмыш өзгертуді ескере отырып келесі ақпаратты ұсынамыз:
1. Акционерлік қоғамның мәміле жасасу жөнінде шешім қабылдаған күні:
2016 жылдың 26 қаңтары (Директорлар кеңесінің 2016 жылдың
26 қаңтарындағы шешімі, № 4 отырыс хаттамасы).
2. Мәміле заты болып табылатын мүліктің құны: 500 000 000 теңге.
3. Мәміленің заты болып табылатын мүлікті соңғы бағалауының датасы:
қолданылмайды.
4. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің активтердің жалпы құнына
шаққандағы пайыздық қатынасы: 5,97 %.
5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары:
- банктік салым мерзімі – 12 ай;
- банктік салымның сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 19,00 %;
- банктік салым бойынша сыйақыны есептеу және төлеу шарттары –
ай сайын есептеу жасалады, төлеу банктік салым келісім-шартының
қолданыста болу мерзімі аяқталғанда жүзеге асырылады.
6. Мәміле жасалған күні: 2016 жылдың 26 қаңтары.
"Qazaq Banki" АҚ Қазақстан Республикасының "Қазақстан
Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы" заңының
40 бабының 3 тармағына сәйкес Қазақстан қор биржасымен айрықша
қарым-қатынастармен байланысты тұлға болып табылады.
[2016-01-28]