/KASE, 15.01.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстан Ұлттық Банкі
(Ұлттық Банк) 2016 жылдың 8 қаңтарында KASE акцияларының шығарылым аңдатпасына
(Аңдатпа) №14 өзгертулер мен толықтыруларды (түзетулер) тіркегені туралы хабарлады.
Аталмыш түзетулер Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдерінің KASE Директорлар
кеңесінің мүшелері ретінде ауысуына байланысты сондай-ақ Аңдатпаны жандандыру
мақсатында енгізілген.
Акциялар шығарылымының жаңартылған шығарылым аңдатпасы KASE интернет-сайтында
"Биржа туралы" – "Корпоративтік құжаттар" бөлімінде
http://www.kase.kz/files/for_shareholders/kasef9_izm14_2016.pdf мекен-жайы
бойынша жарияланған.
[2016-01-15]