KASE, биржамен айрықша қарым-қатынастармен байланысты, тұлғамен жасасқан мәміленің шарттары өзгергені туралы хабарлайды
23.11.15 12:51
/KASE, 23.11.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесі
12 қарашада (Директорлар кеңесінің 2015 жылдың 12 қарашасындағы
шешімі, № 26 отырыс хаттамасы) "Qazaq Banki" акционерлік қоғамымен
банктік салым туралы келісім-шартты, сондай-ақ оған енгізілген
өзгертулерді, атап айтқанда, 2015 жылдың 14тамызындағы "ALL
EXCLUSIVE" банктік салымы туралы келісім-шарттың, салым бойынша
сыйақы мөлшерлемесінің, биржамен айрықша қарым-қатынастармен
байланысты тұлғамен мәміле ретінде, жылдық 12,25 %-дан 13,00 %-ға дейін
көбеюі бөлігінде мақұлдады
Аталмыш өзгертуді ескере отырып келесі ақпаратты ұсынамыз:
1. Акционерлік қоғамның мәміле жасасу жөнінде шешім қабылдаған күні:
2015 жылдың 12 қарашасы (Директопрлар кеңесінің 2015 жылдың
12 қарашасындағы шешімі, № 26 отырыс хаттамасы).
2. Мәміле заты болып табылатын мүліктің құны: 500 000 000 теңге.
3. Мәміленің заты болып табылатын мүлікті соңғы бағалауының датасы:
қолданылмайды.
4. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің активтердің жалпы құнына
шаққандағы пайыздық қатынасы: 6,01 %.
5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары:
- банктік салым мерзімі – 12 ай;
- банктік салымның сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 13,00 %;
- банктік салым бойынша сыйақыны есептеу және төлеу шарттары –
ай сайын есептеу жасалады, төлеу банктік салым келісім-шартының
қолданыста болу мерзімі аяқталғанда жүзеге асырылады.
6. Мәміле жасалған кү: 2015 жылдың 18 қарашасы.
"Qazaq Banki" АҚ Қазақстан Республикасының "Қазақстан
Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы" заңының
40 бабының 3 тармағынасәйкес Қазақстан қор биржасымен айрықша қарым-
қатынастармен байланысты тұлға болып табылады.
[2015-11-23]