KASE, биржамен айрықша қарым-қатынастармен байланысты, тұлғамен мәміле жасасқаны туралы хабарлайды
23.11.15 12:34
/KASE, 23.11.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар
кеңесі 12 қарашада, биржамен айрықша қарым-қатынастармен байланысты
тұлға болып табылатын, "Qazaq Banki" акционерлік қоғамымен банктік
салым туралы келісім-шартты мақұлдады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы
№ 72 қаулысымен бекітілген, қаржылық есеп берушілік депозитарийі, қор
биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар, қаржылық есеп
берушіліктер, сондай-ақ, жыл қорытындысы атқарушы органның мүшелеріне
төленген сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпараттарды жариялау
ережелеріне сәйкес:
1. Акционерлік қоғамның мәміле жасасу жөнінде шешім қабылдаған күні:
2015 жылдың 12 қарашасы (Директорлар кеңесінің 2015 жылдың
12 қарашасындағы шешімі, № 26 отырыс хаттамасы).
2. Мәміле заты болып табылатын мүліктің құны: 500 000 000 теңге.
3. Мәміленің заты болып табылатын мүлікті соңғы бағалауының датасы:
қолданылмайды.
4. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің активтердің жалпы құнына
шаққандағы пайыздық қатынасы: 6,01 %.
5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары:
- банктік салым мерзімі – алты ай;
- банктік салымның сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 13,00 %;
- банктік салым бойынша сыйақыны есептеу және төлеу шарттары –
ай сайын есептеу жасалады, төлеу банктік салым келісім-шартының
қолданыста болу мерзімі аяқталғанда жүзеге асырылады.
6. Мәміле жасалған кү: 2015 жылдың 18 қарашасы.
"Qazaq Banki" АҚ Қазақстан Республикасының "Қазақстан
Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы" заңының
40 бабының 3 тармағынасәйкес Қазақстан қор биржасымен айрықша қарым-
қатынастармен байланысты тұлға болып табылады.
[2015-11-23]