KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды
25.08.15 15:50
/KASE, 25.08.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа)
Биржалық кеңесі 2015 жылдың 10 маусымында, KASE мүдделі мәміле
жасасуды, атап айтқанда "ИРБИС" қаржы нарығының ақпараттық
агенттігі" ЖШС (одан әрі – Агенттік, KASE ерекше қатынастармен
байланысты үлестес тұлға) ақпарат тарату туралы келісім-шарт жасауды
мақұлдады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың
24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп беру
депозитарийдің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік
уақиғалар, қаржылық есеп берушілікті және аудиторлық есептерді,
қаржылық есептілік депозитарийі интернет-ресурсында орналастыру
Ережесіне сәйкес, келесі ақпараттарды ұсынамыз:
1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған
күні: 2015 жылдың 10 маусымы (Биржалық кеңестің шешімі;
2015 жылдың 10 маусымындағы № 13 отырыс хаттамасы).
2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды
3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы:
қолданылмайды.
4. Мәміленің заты болып табылатын мүлік құнының жалпы активтерге
қатысты пайыздық қатынасы: қолданылмайды.
5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары:
- KASE Агенттікке KASE стандарттық ақпараттық өнімдері "Кідірілген
сауда-саттық ақпараты" және "Анықтамалық ақпарат" құрамы мен
көлемі бойынша жауап беретін биржалық ақпараттарға оны
пайдалануға, сақтауға, өңдеуге, шығаруға, таратуға және үшінші
тұлғаларға ұсыну құқығымен, ақпаратқа енуге рұқсат береді;
- Агенттік Қазақстан қор биржасына тұрақты алымдарды, соның
ішінде жекелеген вендорлар үшін қарастырылған "Кідірілген сауда-
саттық ақпараты" және "Анықтамалық ақпарат" ақпараттық
өнімдерін тарату және ұсыну үшін 713 520,00 теңге көлемінде
алымдар төлеуге міндетті.
6. Мәміле жасасу күні: 2015 жылдың 14 тамызы.
"ИРБИС" қаржы нарығының ақпараттық агенттігі" ЖШС Қазақстан
Республикасының "Банктер және банктік қызмет туралы" Заңының
40 бабының 3 тармағына сәйкес Биржаға қатысты ерекше қатынастармен
байланысты тұлға болып және Қазақстан Республикасының Акционерлік
қоғамдар туралы заңының 34 бабы 1 тармағы 3 тармақшасына сәйкес
Биржамен үлестес тұлға болып табылады.
[2015-08-25]