KASE Биржамен ерекше қарым-қатынастармен байланысы бар тұлғамен мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды
17.08.15 15:19
/KASE, 17.08.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа)
Биржалық кеңесі 2015 жылдың 10 тамызында, KASE мүддесі бар және
Биржамен ерекше қарым-қатынастармен байланысы бар тұлғамен "Qazaq
Banki" АҚ келісім-шарт жасасуды мақұлдады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың
24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп беру
депозитарийдің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік
уақиғалар, қаржылық есеп берушілікті және аудиторлық есептерді,
қаржылық есептілік депозитарийі интернет-ресурсында орналастыру
Ережесіне сәйкес, келесі ақпараттарды ұсынамыз:
1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған
күні: 2015 жылдың 10 тамызы (Биржалық кеңестің шешімі; 2015 жылдың
10 тамызындағы № 20 отырыс хаттамасы).
2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: 500 000 000 теңге
3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы:
қолданылмайды.
4. Мәміленің заты болып табылатын мүлік құнының жалпы активтерге
қатысты пайыздық қатынасы: 5,27 %.
5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары:
- банктік салым мерзімі – 12 ай;
- банктік салымның сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 12,25 %;
- банктік салымның сыйақы мөлшерлемесін төлеу және аудару
шарттары– ақша аудару ай сайын, төлем - банктік салымның
келісімшарт мерзімі аяқталған соң жүргізіледі.
6. Мәміле жасасу күні: 2015 жылдың 14 тамызы.
"Qazaq Banki" АҚ Қазақстан Республикасының "Банктер және банктік қызмет
туралы" Заңының 40 бабының 3 тармағына сәйкес Биржаға қатысты ерекше
қатынастармен байланысты тұлға болып табылады.
[2015-08-17]