KASE Биржамен ерекше қарым-қатынастармен байланысы бар тұлғамен мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды
23.06.15 17:38
/KASE, 23.06.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа)
Биржалық кеңесі 2015 жылдың 19 мамырында, KASE мүддесі бар және
Биржамен ерекше қарым-қатынастармен байланысы бар тұлғамен мәміле
болып табылатын, "Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы
Академиясы" АҚ "ISO 27001 Халықаралық ISO 27001:2013 стандарты
талаптарына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін басқару жүйесіне
енгізу, ішкі аудит" атты тақырыпта семинарға Биржа қызметкерлерін
қатыстыру мақсатында қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы келісім-
шарт жасасуды мақұлдады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың
24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп беру
депозитарийдің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік
уақиғалар, қаржылық есеп берушілікті және аудиторлық есептерді,
қаржылық есептілік депозитарийі интернет-ресурсында орналастыру
Ережесіне сәйкес, келесі ақпараттарды ұсынамыз:
1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған
күні: 2015 жылдың 19 мамыры (Биржалық кеңестің шешімі; 2015 жылдың
19 мамырындағы № 10 отырыс хаттамасы).
2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды.
3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы:
қолданылмайды.
4. Мәміленің заты болып табылатын мүлік құнының жалпы активтерге
қатысты пайыздық қатынасы: қолданылмайды.
5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары:
- "Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы Академиясы" АҚ
"ISO 27001 Халықаралық ISO 27001:2013 стандарты талаптарына
сәйкес ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін басқару жүйесіне енгізу,
ішкі аудит" атты тақырыпта семинарға Биржаның үш қызметкерін
қатыстыра отырып, семинарды ұйымдастыру және өткізу түрінде
қызмет көрсету;
- келісім-шарт сомасы: 504 000 теңге (қосымша құн салығына салық
сомасын қоса есептегенде);
- семинарды өткізу күні – 2015 жылдың 29 маусымынан 03 шілдесіне
дейін.
6. Мәміле жасасу күні: 2015 жылдың 22 маусымы.
"Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы Академиясы" АҚ Қазақстан
Республикасының "Банктер және банктік қызмет туралы" Заңының
40 бабының 3 тармағына сәйкес Биржаға қатысты ерекше қатынастармен
байланысты тұлға болып табылады.
[2015-06-23]