KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды
27.05.15 10:17
/KASE, 27.05.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа)
Биржалық кеңесі 2015 жылдың 29 сәуірінде, KASE мүддесі бар және
Биржамен ерекше қарым-қатынастармен байланысы бар тұлғамен мәміле
болып табылатын, "Qazaq Banki" АҚ-мен беймемлекеттік эмиссиялық
бағалы қағаздардың листингі туралы келісім-шарт жасасуды мақұлдады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың
24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп беру
депозитарийдің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік
уақиғалар, қаржылық есеп берушілікті және аудиторлық есептерді
орналастыру Ережесіне сәйкес, келесі ақпараттарды ұсынамыз:
1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған
күні: 2015 жылдың 29 сәуірі (Биржалық кеңестің шешімі; 2015 жылдың
29 сәуіріндегі № 9 отырыс хаттамасы).
2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды.
3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы:
қолданылмайды.
4. Мәміленің заты болып табылатын мүлік құнының жалпы активтерге
қатысты пайыздық қатынасы: қолданылмайды.
5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары: "Qazaq Banki" АҚ бағалы
қағаздарының Биржаның ресми тізімінде болу тәртібін анықтау және
ақпараттарды ашу шарттары.
6. Мәміле жасасу күні: 2015 жылдың 26 мамыры.
"Qazaq Banki" АҚ Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар
туралы" заңының 64 бабының 1 тармағына сәйкес Биржаға қатысты үлестес
тұлға болып табылады.
[2015-05-27]