KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды
05.05.15 15:19
/KASE, 05.05.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа)
Биржалық кеңесі 2015 жылдың 29 сәуірінде, KASE мүддесі бар және
Биржамен ерекше қарым-қатынастармен байланысы бар тұлғамен мәміле
болып табылатын, "Коммеск-Өмір" Сақтандыру компаниясы" АҚ-мен
беймемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың листингі туралы келісім-
шарт жасасуды мақұлдады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың
24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп беру
депозитарийдің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік
уақиғалар, қаржылық есеп берушілікті және аудиторлық есептерді
орналастыру Ережесіне сәйкес, келесі ақпараттарды ұсынамыз:
1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған
күні: 2015 жылдың 29 сәуірі (Биржалық кеңестің шешімі; 2015 жылдың
29 сәуіріндегі № 9 отырыс хаттамасы).
2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды.
3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы:
қолданылмайды.
4. Мәміленің заты болып табылатын мүлік құнының жалпы активтерге
қатысты пайыздық қатынасы: қолданылмайды.
5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары: "Коммеск-Өмір" Сақтандыру
компаниясы" АҚ бағалы қағаздарының Биржаның ресми тізімінде болу
тәртібін анықтау және ақпараттарды ашу шарттары.
6. Мәміле жасасу күні: 2015 жылдың 30 сәуірі.
"Коммеск-Өмір" Сақтандыру компаниясы" АҚ Қазақстан Республикасының
"Акционерлік қоғамдар туралы" заңының 64 бабының 1 тармағына сәйкес
Биржаға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылады.
[2015-05-05]