ХАБАРЛАМА: 2015 жылдың 15 мамырында "Қазақстан қор биржасы" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді
14.04.15 15:21
/KASE, 14.04.14/ – "Қазақстан қор биржасы" (бұдан әрі – биржа), орналасқан
жері: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Байзақов көш., 280,
"Almaty Towers" Көпфункциялы кешеннің Солтүстік мұнарасы, 8-ші қабат,
өз акционерлеріне, Биржалық кеңестің бастамасымен шақыртылатын
(2015 жылдың 08 сәуіріндегі № 7 отырыс хаттамасы), биржа
акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) болып
өтетіні туралы хабарлайды.
Жиналыс 2015 жылдың 15 мамырында Алматы уақытымен сағат 15:00-де:
Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" Көпфункциялы кешеннің
Солтүстік мұнарасы, 8-ші қабат мекен-жайында, мынадай күн тәртібімен
өткізіледі:
1. 2014 жылдың биржаның қызметі туралы.
2. 2014 жылдағы биржаның жылдық қаржылық есеп берушілігін бекіту
туралы.
3. 2014 жылдағы биржаның таза кірісін бөлу туралы.
4. 2015 жылға биржаның жылдық қаржылық есеп берушілігіне аудит жүргізу
мақсатында аудиторлық ұйымды анықтау туралы.
5. Акционерлердің биржаның және оның лауазымды тұлғаларының
әрекетіне шағымдануы туралы және осы шағымдарды қарау нәтижелері.
6. Биржалық кеңес және биржа Басқармасы мүшелеріне 2014 жылға
сыйақы мөлшері мен құрамы туралы.
7. Биржа жарғысының жаңа редакицясын бекіту туралы.
8. Биржалық кеңес мүшелеріне сыйақы беру туралы.
Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2015 жылдың 15 мамырында Алматы
уақытымен жиналыс өтетін жерде сағат 14:00-ден бастап 14:45-ке дейін
жүргізіледі.
Кворум жиналмаған жағдайда жиналыс 2015 жылдың 18 мамырында
Алматы уақытымен сағат 15:00-де, сол мекен-жай бойынша өткізіледі.
Қайталама жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2015 жылдың 18 мамырында
Алматы уақытымен сағат 14:00-ден бастап 14:45-ке дейін жүргізіледі.
Күн тәртібіндегі материалдармен, жиналыс өтер алдында кемінде он күн
бұрын, биржаның орналасқан жерінде танысуға болады.
Тіркелгенде жиналысқа қатысушылар жеке тұлғасын куәландыратын
құжатын, ал акционерлердің өкілдері, Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес рәсімделген, жиналысқа қатысуға және қаралатын
сұрақтар бойынша дауыс беруге құқық беретін сенімхаттарын ұсынуы тиіс.
Жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2015 жылдың 14 мамыры
Алматы уақытымен сағат 00.00-дегі жағдай бойынша құрастырылады.
Анықтамалар үшін телефон: (727) 237 53 43.
[2015-04-14]