KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды
04.03.15 17:40
/KASE, 04.03.2015/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE немесе
Биржа) өз мүддесі бар мәміле: "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
қызметін қамтамасыз ету орталығы" акционерлік қоғамымен жайларды
жалға алу бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы және Қазақстан қор
биржасы ерекше қатынастарда байланыстағы мәмілелер келісім-шартын
жасасқаны туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы
№ 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп берушілік депозитарийінің, қор
биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар туралы
ақпараттарды орналастыру ережелеріне сәйкес, келесі ақпаратты жария
етеміз:
1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған
күні: 2015 жылдың 18 ақпанындағы (Биржалық кеңестің 2015 жылдың
18 ақпанындағы № 3 отырыс хаттамасы).
2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды.
3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы:
қолданылмайды.
4. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің жалпы активтерге қатысты
пайыздық қатынасы: қолданылмайды.
5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары: Жалға берушінің әкімшілік
ғимаратындағы уақытша иеленуге және пайдалануға (жалға) әкімшілік
ғимараттағы тұрғын емес жайларды және жалға алған үй-жайларды
ұстауға байланысты басқа да қызметтерді ұсыну болып табылады.
Жалға берушінің әкімшілік ғимаратындағы жалға алған үй-жайлар:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әйтеке би, 67.
Келісім-шарттың жалпы сомасы – 2 052 000 теңге;
Жалға алу мерзімі – 2015 жылдың 01 қаңтарынан 31 желтоқсанына
дейін.
6. Мәміленің жасалған күні: 2015 жылдың 03 наурызы.
[2015-03-04]